24afisha_logo_yellow-black backgroundLayer 1 Layer 1 Скачать из Windows Phone Store
a a a a a a a

«Медициналық карта» сервисін пайдалану шарттары

9 октября 2023
  1. Осы Шарттар пайдаланушы жеке тұлғалардың «Медпортал 103» ЖШС-іне (бұдан әрі – Компания) тиесілі 103.kz мобильді қосымшасында (бұдан әрі — Сервис) орналастырылған сервис деп түсінілетін «Медициналық карта» сервисін пайдалану тәртібі мен шарттарын реттейді.
  2. Бұл Сервис тек қана ақпараттық сипатқа ие. Сервис пайдаланушының мобильді құрылғысында осы Шарттардың 4-тармағында көрсетілген, Сервистің көмегімен орналастырылған және жүйелендірілген (бұдан әрі мәтін бойынша – орналастырылған) ақпаратты сақтауға арналған.
  3. Осы Сервис медициналық қызметтер көрсетуге және (немесе) медициналық мекемелердің, медицина жұмыскерлерінің кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналмаған. Сервис осы Шарттарда көрсетілген жағдайларда пайдаланушылардың ақпаратын сақтау және жүйелендіру мақсатында олардың жеке пайдалануына ғана арналған.
  4. Пайдаланушыға Сервистің функционалы арқылы пайдаланушының мобильді құрылғысында оның дәрігерлерге баруы, олар берген қорытындылар, жүргізілген тексеру, пайдаланушыға көрсетілген медициналық қызметтерді талдау нәтижелері туралы ақпаратты, өзге де медициналық ақпаратты орналастыруға және жүйелендіруге, файлдарды, оның ішінде осы баруға қатысты құжаттарды, фотосуреттерді (бұдан әрі — ақпарат) қосуға мүмкіндік беріледі.
  5. Сервис арқылы ақпаратты жүйелендіру кезінде пайдаланушының дәрігерлерге баруы туралы деректер Компанияның өзге де сервистерін (мысалы, «Онлайн-жазу» сервисі және т.б.) пайдалана отырып, пайдаланушы толтырған немесе алған ақпарат негізінде автоматты түрде алдын ала толтырылуы мүмкін. Пайдаланушының алдын ала толтырылған мәліметтерді өзге ақпаратпен толықтыруға, редакциялауға, жоюға мүмкіндігі бар.
  6. Пайдаланушының Сервисте орналастырылған ақпаратты редакциялауға, жоюға мүмкіндігі бар.
  7. Компания Сервис арқылы пайдаланушы орналастырған ақпаратты сақтауды, өңдеуді, беруді, таратуды не өзге де пайдалануды жүзеге асырмайды.
    Сервисте орналастырылған пайдаланушының ақпаратын сақтау пайдаланушының мобильді құрылғысының жадын, сондай-ақ бөгде компаниялардың (Apple, Google, Dropbox және басқалар) бұлтты қоймаларын пайдалана отырып жүзеге асырылады, оларға кіру пайдаланушының тиісті аккаунттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушы Сервисте орналастырған ақпаратты Компанияның серверлеріне беруге болмайды, осыған байланысты Компанияның осы ақпаратты қарауға, талдауға немесе қандай да болмасын жолмен пайдалануға мүмкіндігі жоқ.
  8. Компания Сервисте пайдаланушылар орналастыратын контентті қандай да болмасын жолмен бақыламайды, оның мазмұны үшін, сондай-ақ пайдаланушылар оны Сервисте орналастырған кезде заңнама мен үшінші тұлғалардың құқықтарының сақталуына жауапты болмайды.
  9. Компания пайдаланушының мобильді құрылғысында және/немесе пайдаланушының аккаунтын пайдалана отырып, бөгде компаниялардың бұлтты қоймаларында ақпараттың сақталуына, пайдаланушының есептік жазбасына, мобильді құрылғысына үшінші тұлғалардың қол жеткізуі салдарынан, оның ішінде жоғалған, бұзылған жағдайда пайдаланушы деректерінің жария етілгені және таратылғаны үшін жауапты болмайды.
  10. Компания Сервистің функционалдық мүмкіндіктерінің пайдаланушының субъективті болжалдарына сәйкестігіне жауапкершілікте болмайды.
  11. Сервисте орналастырылатын ақпарат, оның сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз ету, дәрігерлік құпияны, заңнама мен үшінші тұлғалардың құқықтарын сақтау үшін, оны орналастыру кезінде осы ақпаратты орналастырған пайдаланушылар ғана жауапты болады.
  12. Пайдаланушы Сервистің «as is» («қалай бар, сол қалпында») жағайында және Сервиске қол жеткізуді ұсыну мүмкін болмаған немесе Сервиске қол жеткізуді ұсынуда іркілістер болған жағдайда Компания тарапынан қандай да бір кепілдіктер мен міндеттемелерсіз ұсынылатындығымен келіседі, ол үшін Компания жауапкершіліктен толықтай босатылады. Компания кез келген уақытта пайдаланушыларға қандай да болмасын алдын ала хабарлаусыз өз қалауы бойынша Сервистің жұмысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.
  13. Осы Сервисті пайдаланғанға дейін Пайдаланушы осы Шарттармен танысуға міндеттенеді. Пайдаланушы Сервистің арнайы бетіндегі осы Шарттармен келісу туралы тиісті батырманы басу арқылы осы Шарттармен келіседі.
    Осы Шарттармен танысқаннан және оларды қабылдағаннан кейін Пайдаланушы Сервисті 103.kz мобильді қосымшасы орнатылған және пайдаланушы осы Шарттармен келіскен мобильді құрылғыда пайдалана алады.
  14. Компания Пайдаланушыны хабардар етпей кез келген уақытта осы Шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Шарттардың қолданыстағы редакциясы сайтта және 103.kz мобильді қосымшасында орналастырылады.
Продолжая пользоваться ресурсом, вы соглашаетесь с условиями Политики обработки персональных данных.
Этот сайт использует cookies
Понятно