— Пайдаланушы келісімі (орыс тілінде)
— Пайдаланушы келісімі (қазақ тілінде)
Пайдаланушы келісімі
Толық мәтін:
Мазмұны:
1. Терминдер мен анықтамалар
1.1. Әкімшілік – «Медпортал 103» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
1.2. Интернет-ресурс – домендік атаулардың барлық деңгейлерін, сондай-ақ оның App Store және Google Play-дегі iOS және Android мобильді қосымшасын ескере отырып Әкімшілікке тиесілі 103.kz интернет-сайты.
1.3. Контент – Интернет-ресурста, оның ішінде кескіндер, мәтін, аудиовизуалды және өзге де объектілер түрінде алынатын, өндірілетін, орналастырылатын немесе таратылатын ақпарат.
1.4. Пайдаланушы – Интернет-ресурстың функционалын пайдаланатын және осы Келісімге қосылған жеке тұлға.
1.5. Сервистер – Әкімшілік әзірлеген және оған тиесілі бағдарламалық қамтылым, дереқор, дизайн объектілері және басқа да авторлық құқық объектілері құрамындағы, Интернет-ресурста орналастырылатын және белгілі бір функцияларды орындауға арналған сервистер, сондай-ақ Интернет-ресурстың өзге де функционалы.
1.6. Есептік жазба – Интернет-ресурстың компьютерлік жүйесінде сақталатын Пайдаланушы туралы деректерді тіркеу кезінде көрсетілген, оны сәйкестендіру үшін қажетті жиынтық.
2. Келісімнің мәні
2.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) Әкімшілік пен Пайдаланушы арасында жасалады және Интернет-ресурсты пайдалану шарттарын, оның ішінде Пайдаланушылар пікірлерді (түсіндірмелерді) орналастырған кезде, сондай-ақ Интернет-ресурстың функционалы мен Сервистерін пайдалануға байланысты туындайтын тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
2.2. Әкімшілік Пайдаланушыларға материалдарды (Контентті) іздеу құралдарын, әртүрлі тауарлар, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) және оларды сататын (көрсететін) субъектілер туралы ақпаратты, субъектілерге жазуды жүзеге асыруды, субъектілер туралы түсіндірме беруді (пікір қалдыруды) және т. б. қоса алғанда, Сервистердің кең спектріне қол жеткізуді ұсынады.
3. Келісім жасасу. Интернет-ресурстың функционалын пайдалану
3.1. Осы Келісім қосылу шарты болып табылады, оны жасасу Пайдаланушының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабында көзделген тәртіппен Келісім талаптарын қабылдауы арқылы, яғни қандай да бір шарттарсыз, алып тастаусыз және ескертпелерсіз жалпы осы Келісімге қосылу жолымен жүргізіледі.
3.2. Осы Келісімге қосылу Пайдаланушыны Интернет-ресурста тіркеу/сәйкестендіру процесінде (Пайдаланушының өз деректерін көрсетуі), Пайдаланушы Интернет-ресурста түсіндірме (пікір) орналастырған кезде, Интернет-ресурстың сервистерін пайдаланған кезде не егер ол тіркеусіз жүргізілсе, Интернет-ресурсты нақты пайдаланған кезде жүзеге асырылады.
3.3. Кейбір Сервистерді немесе олардың кейбір жекелеген мүмкіндіктерін пайдалану үшін қосымша Пайдаланушыны авторластыру/сәйкестендіру қажет болуы мүмкін.
Егер Пайдаланушы қосымша авторластыру/сәйкестендіру қажет Интернет-ресурс сервисін (мысалы, «Онлайн-жазу» сервисі) пайдаланғысы келсе, Әкімшілік Келісімді толтыру кезінде көрсетілген Пайдаланушының ұялы телефон нөміріне СМС-хабарламада белсендіру кодын жіберу арқылы Пайдаланушының есептік жазбасын белсендіруді жүзеге асырады.
Әкімшілік Пайдаланушының жеке басын дұрыс сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және Интернет-ресурстың функционалында көзделген жағдайда авторландырудың/сәйкестендірудің өзге де тәсілдерін көздеуге құқылы. Бұл ретте бір ұялы телефон нөмірі және (немесе) өзге де сәйкестендіру деректерінің бір жиынтығы Интернет-ресурста Пайдаланушының бір ғана есептік жазбасын тіркеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
3.4. Сондай-ақ, Пайдаланушыларға Интернет-ресурста сәйкестендіру үшін пайдаланушы профилін пайдалану мүмкіндігі беріледі.
3.5. Кез келген Сервисті пайдалана бастағанда не тіркеу/сәйкестендіру рәсімінен өткеннен кейін Пайдаланушы Келісімнің талаптарын толық көлемде, ешқандай ескертпелер мен түгелдей қабылдаған болып есептеледі. Пайдаланушы Келісімнің қандай да бір ережелерімен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Интернет-ресурстың Сервистерін немесе функционалын пайдалануға құқылы емес.
3.6. Егер Әкімшілік Келісімге Келісімнің 10.1-тармағында көзделген тәртіппен Пайдаланушы келіспейтін қандай да бір өзгерістер енгізсе, ол Интернет-ресурсты пайдалануды тоқтатуға міндетті.
4. Интернет-ресурсты пайдалану кезіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Пайдаланушы:
4.1.1. Сервистерді пайдалану сәтіне дейін осы Келісімде қамтылған талаптармен танысуға;
4.1.2. есептік жазбаны белсендіру және/немесе Интернет-ресурста өзге авторластыру/тіркеу кезінде өзі туралы анық деректерді хабарлауға, олардың құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
4.1.3. Пайдаланушының есептік жазбасын немесе тіркеу деректерін пайдалана отырып, Сервистерге рұқсатсыз (Пайдаланушы рұқсат етпеген) қол жеткізудің кез келген жағдайы туралы, сондай-ақ өзінің Сервистерге қол жеткізу құралдарының құпиялылығын кез келген бұзу (бұзушылық туралы күдік) туралы Әкімшілікті дереу хабардар етуге;
4.1.4. Сервистерді пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Келісімді сақтауға;
4.1.5. Интернет-ресурста құқыққа қайшы Контентті, оның ішінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық үстемдікке, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа, суицидке, порнографияға, есірткі, психотропты заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларға, сепаратизм идеясына, алаяқтыққа шақыруды, үгіттеуді немесе оларды насихаттауды, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға ықпал ететін ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелерді, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпаратты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған өзге де ақпаратты орналастырмауға және таратпауға;
4.1.6. хакерлік шабуылдарды, зиянды бағдарламаларды (вирустарды) пайдалануды, Интернет-ресурстың бағдарламалық қамтылымын өзгертуді және т. б. қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Интернет-ресурстың жұмысын бұзуға бағытталған қандай да бір іс-әрекеттер жасамауға;
4.1.7. Интернет-ресурсты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған мақсаттар үшін пайдаланбауға;
4.1.8. осы Келісімде, қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4.2. Пайдаланушы:
4.2.1. осы Келісімде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шектерде және тәртіппен Интернет-ресурстың функционалдық ерекшеліктерін пайдалануға;
4.2.2. Әкімшілікке заңнамада және осы Келісімде белгіленген тәртіппен ұсыныстармен, шағымдармен және ескертулермен жүгінуге;
4.2.3. Интернет-ресурста түсіндірмелер (пікірлер), өзге Контент орналастырған кезде осы Келісімге және Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтін, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтын нысанда түсіндірме беру объектісіне қатысты өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
4.3. Әкімшілік:
4.3.1. Интернет-ресурстың жұмыс істеуіне қатысты қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға;
4.3.2. дербес деректермен жұмыс істеу кезінде Құпиялылық саясатын және оларды қорғауға қойылатын тиісті талаптарды сақтауға;
4.3.3. Пайдаланушылардың белгіленген тәртіппен жіберілген шағымдарын қарауға;
4.3.4. Қазақстан Республикасының аумағында құқыққа қайшы Контенттің таралуына қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға.
4.3.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4.4. Әкімшілік:
4.4.1. Интернет-ресурс Сервистерін пайдалану кезінде Пайдаланушының толтыруы үшін міндетті жолдарды/бағандарды белгілеуге;
4.4.2. Келісімнің жаңа редакциясын Интернет-ресурста орналастыру арқылы Пайдаланушыларды алдын ала хабардар етпей осы Келісімге өзгерістер енгізуге;
4.4.3. Пайдаланушының Интернет-ресурсты пайдалануына, Әкімшілікті жауапкершілікке тартуға байланысты Әкімшілікке талап-арыздар, талаптар қою кезінде Пайдаланушы туралы ақпаратты пайдалануға;
4.4.4. Пайдаланушыға алдын ала хабарламай кез келген себеппен Сервистердің, олардың кез келген бөліктерінің, Интернет-ресурстың функционалдық мүмкіндіктерінің жұмыс істеуін не оларға қол жеткізуді өзгертуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға, сондай-ақ қандай да бір техникалық қызмет көрсетуді орындау, қателерді түзету және (немесе) қандай да болмасын басқа өзгерістерді енгізу үшін қажет болса, Сервистердің немесе Интернет-ресурстың жұмысын тоқтатуға;
4.4.5. егер аталған ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Келісімнің талаптарын, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзады деп есептесе, Пайдаланушы Интернет-ресурста орналастырған кез келген ақпаратты жоюға, редакциялауға құқылы.
5. Пайдаланушылардың түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті Интернет-ресурста орналастыру қағидалары
5.1. Пайдаланушы Интернет-ресурста орналастыратын түсіндірме (пікір), өзге Контент мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:
5.1.1. түсіндірме беру объектісіне тікелей қатысты болу (ол туралы ақпарат Интернет-ресурста орналастырылатын ұйым немесе жеке тұлға);
5.1.2. Интернет-ресурста орналастырылған мәліметтерді қызықты ақпаратпен толықтыру және өзге Пайдаланушыларға пайдалы болу;
5.1.3. сындарлы, объективті және фактілермен бекітілу, ал қажет болған жағдайда — құзыретті органдардың құжаттарымен расталу;
5.1.4. сыпайы, әдепті және мораль мен әдеп нормаларына сәйкес болу;
5.1.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Келісімді, үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбау;
5.1.6. кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері қалдырған түсіндірмелерді (пікірлерді) қоспағанда, ұйымға (жеке тұлғаға, жеке кәсіпкерге) тікелей жүгінген бірінші адамнан түсіндірме (пікір) қалдырылуы тиіс;
5.2. Шиеленісті жағдайларға жол бермеу, Пайдаланушылардың өзара сыйластық ахуалын қолдау үшін, сондай-ақ Интернет-ресурста түсіндірме (пікірді орналастыру), өзге Контентті орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатында:
5.2.1. үшінші тұлғалардың дербес деректерін (телефондары, мекенжайлары және т. б.) таратуды қоса алғанда, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзуға;
5.2.2. порнографиялық фотосуреттерге, аудио және бейне роликтерге, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы ұқсас өнімдерге сілтемелерді орналастыруға немесе пайдалануға;
5.2.3. дөрекі немесе әдепсіз, балағат сөздерді қолдануға;
5.2.4. үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзуға;
5.2.5. қоқан-лоққы көрсетуге, жала жабуға, қорлауға, азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін немесе ұйымдардың іскерлік беделін даттауға;
5.2.6. «жеке басына тиісуге», яғни ұйымның қызметіне түсіндірме беру (оның қызметі туралы пікірді орналастыру) немесе басқа адамдардың түсіндірмелеріне (пікірлеріне) жауап беру кезінде нақты жеке тұлғаға қорлайтын, кемсітетін сипаттағы талап қою;
5.2.7. басқа Пайдаланушыларды осы Келісімді бұзуға арандатуға, пікірталас жүргізудің әділетсіз тәсілдерін қамтитын хабарламалар орналастыруға;
5.2.8. әлеуметтік, ұлтаралық, діни немесе өзге де алауыздықты қоздыратын түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті орналастыруға;
5.2.9. заңнаманы бұзуға шақыру не қылмыстық әрекеттер жасау жөніндегі ұсынымдарды/нұсқаулықтарды, экстремистік материалдарды орналастыруға;
5.2.10. вирустарға, трояндарға және басқа зиянды бағдарламалық қамтылымға және/немесе оларды пайдалану жөніндегі мәліметтерге және/немесе нұсқаулықтарға сілтемелерді орналастыруға;
5.2.11. қолжетімділігі шектеулі ақпаратты (мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпия) орналастыруға;
5.2.12. Интернет-ресурсты саяси пікірталастар үшін пайдалануға;
5.2.13. азаматтардың басқа аттарын (лақап аттарын), ұйымдардың басқа атауларын пайдалануға;
5.2.14. жарнамалық сипаттағы түсіндірмелерді (пікірлерді) қосуға;
5.2.15. басқа дереккөздерге сілтемелер (өту) қосуға;
5.2.16. қате диагноз, дәрігерлер мен медицина жұмыскерлерінің біліктілігі туралы түсіндірме қосуға;
5.2.17. түсіндірмелерде модератормен дауласуға, модерация саясатын, Әкімшіліктің әрекеттерін талқылауға;
5.2.18. Интернет-ресурсты есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және/немесе аналогтар туралы сату және/немесе олар туралы хабарлау үшін пайдалануға тыйым салынады.
5.3. Түсіндірмелерді (пікірлерді) орналастыру кезінде табанды түрде:
5.3.1. Интернет-ресурстың әртүрлі бөлімдерінде бір сарынды түсіндірмелер (пікірлер) қосу;
5.3.2. мазмұнсыз түсіндірмелер (пікірлер) қосу;
5.3.3. түсіндірмелерде (шолуларда) «азғын», «әбілет» немесе басқа жаргонды қолдану. Сауатты жазуға тырысыңыз;
5.3.4. түсіндірме (пікір) жазу кезінде транслит пайдалану (сөздерді латын әріптерімен жазу);
5.3.5. түсіндірмелерде (пікірлерде) БАС ӘРІПТЕРДІ қолдану ұсынылмайды (әңгімелесушілеріңізді құрметтеңіз, олар Сіз өздеріне айқайлап жатыр екен деп ойлауы мүмкін);
5.4. Әрбір Пайдаланушы осы Келісімде көзделген тәртіппен түсіндірмеге (пікірге), өзге Контентке шағымдануға құқылы. Пайдаланушының түсіндірмесіне (пікіріне) уәжді шағымдар алынған жағдайда Әкімшілік түсіндірмені (пікірді) жоя алады.
5.5. Интернет-ресурстағы түсіндірмелерге (пікірлерге) қойылатын техникалық талап - мәтінді 980 таңбаға дейін шектеу.
5.6. Бір Пайдаланушыдан нақты жағдайға қатысты жалғыз түсіндірме (пікір) жарияланады.
5.7. Пайдаланушы орналастырған түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті модерациялау тәртібі:
5.7.1. Интернет-ресурста постмодерация жүзеге асырылады, яғни түсіндірмелерді (пікірлерді) бақылау оларды Пайдаланушылар орналастырғаннан кейін жүзеге асырылады. Әкімшілік барлық мүдделі тұлғаларға түсіндірмелердің (пікірлердің) көп болуына байланысты түсіндірмені жедел бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғанын хабарлайды. Осыған байланысты Әкімшілік Интернет-ресурста орналастырылған түсіндірмелердің (пікірлердің) дұрыстығы мен заңдылығы үшін ешқандай жауапкершілікте болмайды.
5.7.2. Түсіндірме (пікір) 1 тәулік ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) қаралады. Мән-жайларды қосымша нақтылауды не егжей-тегжейлі зерделеуді қажет ететін жекелеген жағдайларда қарау мерзімі ұлғаюы мүмкін.
5.7.3. Әкімшілік жүргізіліп жатқан түсіндірмелерді (пікірлерді) модерациялау шеңберінде түсіндірмені (пікірді) орналастырған Пайдаланушымен түсіндірмені (пікірді) орналастыру кезінде телефон нөмірі және ол көрсеткен өзге де байланыс деректері арқылы байланысқа шығуы мүмкін. Сондай-ақ, Әкімшілік Құпиялылық саясаты шарттарында Пайдаланушылар Сервисті пайдаланған кезде алған дербес деректерді өзге де өңдеуді жүзеге асырады.
5.7.4. Егер 24 сағат ішінде модератор түсіндірме (пікір) мәліметтерін нақтылау үшін Пайдаланушы түсіндірме (пікір) жіберу нысанында көрсеткен байланыс деректері арқылы Пайдаланушымен байланысқа шыға алмаса, онда Әкімшілік бұл түсіндірмені (пікірді) орналастырмау құқығын өзіне қалдырады.
5.7.5. Модератор өз бетінше, жеке субъективті пікірге сүйене отырып, Пайдаланушы орналастырған түсіндірменің (пікірдің), өзге Контенттің осы Келісімнің талаптарына, әдеп мен моральдың жалпы нормаларына сәйкестігін, түсіндірменің (пікірдің) конструктивтілігі мен дұрыстығы дәрежесін бағалайды. Бұл ретте Модератор түсіндірмеде (пікірде) көрсетілген ақпараттың дұрыстығын бағалауға немесе тексеруге міндетті емес. Түсіндірменің (пікірдің) мазмұны мен дұрыстығына Пайдаланушы жауапты болады.
5.7.6. Егер Пайдаланушы қандай да бір түсіндірмелер (пікірлер) Қазақстан Республикасының заңнамасын, халықаралық нормаларды, осы Келісімді бұзады, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтиды, жеке немесе заңды тұлғаларға залал келтіруі мүмкін деп есептесе, Пайдаланушы осы Келісімнің 6-бөлімінде көрсетілген тәртіппен шағым жіберіп, бұл туралы Әкімшілікке хабарлауға құқылы.
5.7.7. Мынадай жағдайларда түсіндірмені (пікірді), өзге Контентті орналастырудан бас тартылуы, ал орналастырылған түсіндірме (пікір), өзге Контент жойылуы мүмкін:
– түсіндірме (пікір), өзге Контент Қазақстан Республикасы заңнамасының, осы Келісімнің талаптарына сәйкес келмесе;
– түсіндірмеде (пікірде) қамтылған мәліметтер конституциялық сот ісін жүргізу туралы заңнамаға, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, шаруашылық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына, әкімшілік процестің тәртібін айқындайтын заңнамаға, әкімшілік рәсімдер туралы заңнамаға сәйкес қаралуға жататын болса;
– түсіндірме (пікір) ұйымның, жеке кәсіпкердің, жеке тұлғаның қызметіне жатпаса, олар өндіретін (өткізетін) тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің сапасына қатысты болмаса;
– Түсіндірме (пікір), Контент орналастырған Пайдаланушы Әкімшілікке өзінің түсіндірмелерін (пікірін), Контентті жою туралы өтінішпен жүгінсе;
– Түсіндірме (пікір) орналастырған Пайдаланушы 24 сағат ішінде Әкімшіліктің телефон қоңырауларына, хабарламаларына жауап бермесе;
– Пайдаланушы түсіндірмеде (пікірде), өзге Контентте азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне немесе ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін деп танылуы мүмкін мәліметтерді көрсетсе және баяндалған фактілерді құжатпен растай алмаса.
5.8. Интернет-ресурста түсіндірме (пікір), өзге Контентті орналастыра отырып, Пайдаланушы Әкімшілікке оны пайдалану құқығын кез келген нысанда және кез келген тәсілмен, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: көшіру, тарату, көрсету, аудару, қайта жасау (қайта өңдеу), эфирге беру, кабель, сымдар арқылы немесе өзге де осыған ұқсас құралдардың көмегімен өтеусіз береді.
6. Дәріханалар немесе басқа субъектілер жүзеге асыратын тауарларды іздеу бойынша Сервисті пайдалану шарттары.
6.1. Интернет-ресурсты пайдалану кезінде Пайдаланушыларға дәріханалар немесе басқа субъектілер сататын тауарларды (бұдан әрі — Өнімді іздеу қызметі) әртүрлі өнімдер, олардың белгілі бір субъектіде болуы, құны туралы ақпаратты іздеу жүйесін пайдалану мүмкіндігі беріледі — дәріханалар мен басқа ұйымдардың байланыс деректері және басқа ақпарат, сондай-ақ дәріханаларда немесе басқа ұйымдарда тауарларды брондау үшін (егер олар Иинтернет-ресурсты пайдалана отырып, осы опцияны ұсынса) төменде көрсетілген шарттарда.
6.2. Шарттың осы бөлімінде Шарттың 1-бөлімінде көрсетілген терминдер мен анықтамалардан басқа келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Дәріхана — фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар, Әкімшілікпен жасалған шарт негізінде Қызметке қосылған кәсіпкерлік субъектісі.
Басқа субъект — тауарларды сатуға байланысты қызметті белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын және Әкімшілікпен жасалған шарт негізінде Өнімді іздеу қызметіне қосылған (дәріханалардан басқа) субъект.
Тауар — дәріханалар немесе басқа да заңды тұлғалар сататын дәрі, биологиялық белсенді тағамдық қоспалар, медициналық өнім, медициналық техника, косметикалық өнім, басқа да өнім, олар туралы ақпарат Сайтта орналастырылады.
Тауарларды брондау — бұл Интернет-ресурсты пайдалана отырып, белгіленген брондау мерзімі ішінде дәріханадан немесе Пайдаланушыға өнімді брондауды растаған басқа субъектіден алып кету арқылы кейін төлем және түбіртек алу арқылы өнімді броньдау мүмкіндігі.
6.3. Өнімді іздеу қызметін пайдаланған кезде Әкімшілік пайдаланушыларға мынаны хабарлайды:
6.3.1. Интернет-ресурста өнімдер туралы ақпарат Әкімшілік дәріханалардан немесе жасалған келісімдер шеңберінде басқа да субъектілерден алған деректер негізінде орналастырылады;
6.3.2. орналастырылған ақпаратты жаңартуды тікелей дәріханалар және басқа да субъектілер өздері белгілеген жиілікте (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) жүзеге асырады. Жаңарту күні және/немесе уақыты нақты дәріханалар және басқа да субъектілер, өнім атаулары үшін Интернет-ресурста көрсетіледі;
6.3.3. 6.3.1.-6.3.2 тармақшаларының ережелерін ескере отырып Әкімшілік, көрсетілген деректердің дәлдігіне, толықтығына және/немесе уақтылығына кепілдік Әкімшілік бере алмайды. Интернет-ресурста орналастырылған ақпарат тек анықтама үшін берілген. Пайдаланушы дәріханаға немесе басқа субъектіге қоңырау шалу арқылы өнімнің қолжетімділігі мен құны туралы өзін қызықтыратын ақпаратты, оның ішінде тауарды брондау кезінде нақтылауға міндеттенеді;
6.3.4. дәріханалар немесе басқа да субъектілер Интернет-ресурста баға диапазонын немесе тауардың бағасын «... теңгеден бастап» форматында көрсете алады, өйткені баға тауарлардың партиясына және бұрынғы партиялардан қалған тауарлардың болуына байланысты әр түрлі болуы мүмкін;
6.3.5. Әкімшілік Интернет-ресурста көрсетілген өнімге және дәріханада немесе осы өнімді сататын басқа ұйымда өнімнің нақты қолжетімділігіне және оның бағасына қатысты сәйкессіздіктердің жоқтығына кепілдік бермейді;
6.3.6. Әкімшілік Интернет-ресурста орналастыру үшін дәріханалар және басқа да субъектілер орналастырған немесе ұсынған ақпараттың мазмұны үшін, сондай-ақ дәріханалар мен басқа да заңды тұлғалардың Интернет-ресурстарында орналастырылған, Сайтта ссілтемелері болуы мүмкін ақпараттың мазмұны үшін және олардың қолжетімділігіне жауапты емес;
6.3.7. Әкімшілік Сайтта техникалық ақаулардың болмауына кепілдік бермейді;
6.3.8. Өнімді іздеу қызметіне қол жеткізу Пайдаланушыларға коммерциялық емес,жеке пайдалану үшін өтеусіз негізінде беріледі
6.4. Интернет-ресурс арқылы өнімді броньдау кезінде Пайдаланушыға хабарланады және мыналармен келіседі:
6.4.1. Интернет-ресурста көрсетілген брондау шарттарымен және мерзімімен танысуы керек, сондай-ақ Интернет-ресурс арқылы брондалған тауарларды төлеу және алу тікелей дәріханада немесе осы өнімді сататын басқа субъектіден Интернет-ресурста белгіленген мерзімде брондау расталғаннан кейін жүзеге асырылатыны туралы хабарлануы тиіс.
6.4.2. Әкімшілік брондауға кепілдік бермейді. Брондау дәріхана немесе егер мұндай мүмкіндік болса, Пайдаланушы таңдаған басқа субъект тиісті SMS хабарламасын жіберу немесе Пайдаланушы көрсеткен телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы растағаннан кейін ғана жасайды. Дәріханалар мен тауарларды сататын басқа да субъектілер Пайдаланушыға тауарларды резервтеуден бас тартуға құқылы;
6.4.3. Өнімді брондау функциясын, сондай-ақ кейбір басқа функцияларды (ақпаратты түсіндіру, қате туралы хабарлар) пайдалану үшін Пайдаланушының аты, телефон нөмірі және басқа жеке деректер енгізілуі керек. Осы жолмен алынған жеке деректер Әкімшілікке және дәріханаға, Пайдаланушы таңдаған басқа субъектіге Пайдаланушының өтініші бойынша байланысу және өтінімді орындау үшін жіберіледі.
6.5. Пайдаланушыда Сервисті пайдаланумен және/немесе Сервисте ақпаратты орналастыруға қатысты қандай да бір ескертулері болса, Пайдаланушы бұл туралы apteka@103.kz мекенжайына электрондық хат жіберу арқылы Әкімшілікті хабардар етуге құқылы немесе осы Келісімнің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен шағым жібере алады.
6.6. Әкімшіліктің функциялары өнімді іздеу қызметіне кіруді қамтамасыз етумен шектеледі.
Интернет-ресурста ұсынылған ақпараттың дұрыстығына, оның ішінде тауарлардың бар-жоғына және олардың құнына қатысты жауапкершілік осындай ақпаратты ұсынған дәріхана немесе осы тауарларды сататын басқа субъектіге жүктеледі.
Пайдаланушының өтініші бойынша тауарды брондау мәселесіне қатысты әрі қарай дәріхана немесе басқа субъектіге жауапкершілік жүктелінеді. Пайдаланушылардың тапсырыстарын орындау, тауарлардың сапасы, олардың құны бойынша және интернет-ресурста көрсетілген өзге де шарттарда сатылуы, барлық лицензиялардың, сертификаттардың, рұқсаттар мен мемлекеттік органдардың рұқсаттарының болуы үшін , өнімді іздеу қызметінде ақпарат орналастырылған қызмет түрімен (тауарларды өткізу) айналысу, сондай-ақ өндірілетін/сатылатын тауарлар туралы ақпаратты орналастыруды тікелей дәріхана немесе басқа ұйымға жауапкершілік жүктелінеді.
7. Пайдаланушының шағым беру тетігі мен ережелері
7.1. Пайдаланушы Әкімшілікке Контентке, Интернет-ресурс интерфейсіне, басқа да Пайдаланушылардың әрекеттеріне не Әкімшіліктің әрекеттеріне шағым жіберуге құқылы.
7.2. Пайдаланушы шағымды Интернет-ресурстың футерінде (басты беттің төменгі бөлігінде) орналастырылған «Шағым беру» нысанын пайдалану арқылы не Әкімшіліктің help@103.kz электрондық поштасына жөнелту арқылы жіберуі мүмкін.
7.3. Жіберілетін шағымда келесі ақпараттарды толтырылуы тиіс: Пайдаланушының аты-жөні, оның телефон нөмірі және электрондық поштасы, Пайдаланушы шағым беретін ақпаратқа қатысты бетке сілтеме және шағымның мазмұны болуы тиіс.
7.4. Әкімшілік алынған шағымды қарауға және Пайдаланушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы шағымды алған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Пайдаланушыға жауап беруге міндетті.
8. Интернет-ресурстың ұсынымдық жүйесінде қолданылатын параметрлердің сипаттамасы
8.1. Интернет-ресурстың ұсынымдық жүйесі – бұл өзінің интерфейсіндегі Интернет-ресурс Контентінің басымдылығын, сондай-ақ іздеу нәтижелерінің басымдылығын айқындайтын Интернет-ресурстың толық немесе ішінара автоматтандырылған жүйесі.
8.2. Пайдаланушының іздеу сұрауының нәтижелерін беру кезінде Әкімшілік келесі параметрлерді қолданады:
8.2.1. Пайдаланушының іздеу сұрауын талдау:
– сұрауды морфологиялық талдау;
- іздеу сұрауы бойынша нәтижелердің релеванттылығын айқындау.
8.2.2. Іздеу нәтижелерін саралау:
— іздеу сұрауымен дәл сәйкестік;
– беттегі сұрау сөздерінің орналасуы;
— іздеу сұрауымен кіру саны;
– мән басымдығы:
8.3. Компанияларды Интернет-ресурстағы мекемелердің листингіне (медициналық орталықтардың, салондардың каталогына және т.б.) орналастырған кезде компаниялар олардың нақты айдарда көрсетілуіне әсер ететін өздері сатып алған И
9. Пайдаланушылардың жеке деректері
9.1. Интернет-ресурсты пайдалану кезінде Пайдаланушылардың дербес деректері жинақталуы және өңделуі мүмкін.
9.2. Өңделетін дербес деректердің тізбесі, оларды өңдеу мерзімі, мақсаты мен тәртібі, сондай-ақ дербес деректер субъектілерінің құқықтарын іске асыру тәртібі Құпиялылық саясатымен реттеледі.
10. Кепілдіктің болмауы, жауапкершілікті шектеу
10.1. Интернет-ресурс «қалай бар» және «қалай қолжетімді» шарттары бойынша пайдалануына , пайдаланушы өз келісімін береді, Интернет-ресурсқа қолжетімділікке мүмкіндік болмаған жағдайда Әкімшілік қандай да бір кепілдікті немесе жауапкершілік амайды , Интернет-ресурсқа қолжетімділікті ұсынудағы іркілістер, сондай-ақ Интернет-ресурстың пайдалану барысында пайда болатын функционалы мен нәтижелерінің сәйкестіктері, пайдаланушының мақсаттарына және субъективті күтулеріне байланысты.
10.2. Әкімшілік Интернет-ресурстағы кез келген ақпаратты Пайдаланушыға алдын ала хабардар етпей-ақ жоюы немесе өзгертуі мүмкін
10.3. Әкiмшiлiк олардың Интернет-ресурсты пайдалануына байланысты үшiншi тұлғалардың, оның iшiнде олар туралы ақпарат Интернет-ресурста орналастырылатын субъектiлердiң кез келген iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi үшiн жауапты болмайды.
10.4. Әкімшілік пайдаланушыларға қандай да бір алдын ала хабарламасыз кез келген сәтте өз қалауы бойынша қандай да бір жекелеген Сервистердің немесе Интернет-ресурстың жұмысын тоқтата тұруға немесе мүлдем тоқтатуға құқылы.
10.5. Интернет-ресурста басқа сайттарға (үшінші тұлғалардың сайттарына) сілтемелер орналастырылуы мүмкін. Әкімшілік Пайдаланушы Сервистерді пайдалана отырып қол жеткізетін үшінші тұлғалардың осындай сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар үшін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен Пайдаланушының оларды пайдалануының салдары үшін жауапты болмайды.
10.6. Әкiмшiлiк Пайдаланушылардың Сервистердi пайдалануға байланысты iс-әрекеттерi үшiн, оның iшiнде, егер мұндай iс-әрекеттер үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға әкеп соғатын болса, жауапты болмайды.
10.7. Кейбір Сервистерде Пайдаланушылардың ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты Сервистің тиісті бөлімдеріне енгізу және жіберу мүмкіндігі көзделген. Пайдаланушылар осы ақпараттың мазмұны мен дәлдігі үшін толық жауапты болады, сондай-ақ олардың дербес деректерін Сервиске орналастыру үшін үшінші тұлғалардан барлық қажетті рұқсаттарды алуға міндеттенеді.
10.8. Әкімшілік Пайдаланушылардың түсініктемелерді (пікірлерді), өзге де Контентті орналастыруы үшін тек техникалық мүмкіндікті (Интернет-ресурстың функционалына қол жеткізу) ұсынады. Интернет-ресурста орналастырылған түсініктеме (пікір) Пайдаланушының жеке пікірін көрсетеді және Әкімшіліктің пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Пайдаланушы өзі орналастырған түсініктеме (пікір), өзге де Контетн үшін толық жауапкершілікте болады.
10.9. Әкімшілік дауларға қатыспайды, Пайдаланушылар орналастырған түсініктемелерге (пікірлерге), өзге Контентке баға бермейді және хабарламаның заңнамаға және осы Келісімге сәйкестігін бағалауға біржақты мүмкіндік болмаған жағдайда түсініктемелерді (пікірлерді) жоймау құқығын өзіне қалдырады.
10.10. Әкiмшiлiк Пайдаланушы туралы ақпаратты пайдалануға, Әкiмшiлiкке осы Пайдаланушы орналастырған түсiнiктемеге (керi қайтарып алуға), Контентке байланысты наразылықтар, талаптар қойылған жағдайда Пайдаланушыларды сотта сәйкес келушiлер, куәгерлер, үшiншi тұлғалар ретiнде тартуға құқылы. Түсініктеме (пікір) орналастырған пайдаланушы Контент қажет болған жағдайда түсініктемеде (пікірде), өзге Контентте ақпараттың заңдылығының, негізділігінің дәлелдемелерін ұсынуға дайын болуға тиіс.
10.11. Әкімшілік Пайдаланушының алдында жауапты болмайды және Пайдаланушыға провайдердің, өзге де тұлғалардың немесе қызметтердің жұмысындағы іркілістерге байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін залалдарды өтемейді.
11. Қорытынды ережелер
11.1. Келісім қажет болған жағдайда Интернет-ресурстың жұмыс істеуінің кез келген уақытында өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда Интернет-ресурста Келісімнің жаңа редакциясы (егер Келісімнің жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе) орналастырылатын болады. Осы Келісімнің өзгерістерімен және толықтыруларымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Интернет-ресурсты және оның функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануды тоқтатуға міндетті.
11.2. Тараптар осы Келісімнің жекелеген ережелерімен келіспеу туралы жазбаша хабарламалардың болмауына, Пайдаланушының Келісімнің жаңа редакциясына келісуі және қосылуы болып танылады.
11.3. Егер Келісімнің қандай да бір ережесі жарамсыз немесе орындалмайтын болып табылса, өзге де шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген толық көлемде жарамды және орындалатын болып қалады.
11.4. Осы Келісіммен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Әкімшіліктің жергілікті нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешіледі. Келiсiмнен немесе Келiсiмге байланысты туындайтын барлық келiспеушiлiктердi, дауларды қараудың айрықша құзыретiне Әкiмшiлiк орналасқан жердегi тиiстi сот ие болады.