24afisha_logo_yellow-black backgroundLayer 1 Layer 1 Скачать из Windows Phone Store
a a a a a a a

Пайдаланушы келісімі

9 октября 2023

— Пайдаланушы келісімі (орыс тілінде)

— Пайдаланушы келісімі (қазақ тілінде)

Пайдаланушы келісімі

  1. Осы Келісім Әкімшілік («Медпортал 103» ЖШС) мен интернет-сайт пен 103.kz мобильді қосымшасын (бұдан әрі – Интернет-ресурс) пайдаланатын Пайдаланушы арасында жасалады және Интернет-ресурсты пайдалану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін реттейді.
  2. Пайдаланушы келісімінің толық мәтінімен төменде танысуға болады.
  3. Пайдаланушы Интернет-ресурс сервистерін пайдалану басталған сәттен бастап не Интернет-ресурста тіркеу/сәйкестендіру рәсімінен өткен кезде осы Келісімге қосылған болып есептеледі.
  4. Интернет-ресурстың сервистерін немесе функционалын пайдалану кезінде тараптардың осы Келісімде айқындалған құқықтары және белгілі бір міндеттері болады.
  5. Интернет-ресурсты пайдалану кезінде Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарымен танысуға, құқыққа қайшы Контентті орналастыруға жол бермеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Келісімді сақтауға міндетті.
  6. Пайдаланушы орналастыратын түсіндірме (пікір), Интернет-ресурстағы өзге Контент Қазақстан Республикасы заңнамасының, осы Келісімнің талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға міндетті.
  7. Пайдаланушылар түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті орналастырған кезде Әкімшілік оларды модерациялауы және оларды орналастырудан бас тартуы немесе қолданыстағы заңнаманың немесе Келісімнің талаптары бұзылған жағдайларда Контентті жоюы мүмкін.
  8. Пайдаланушы Интернет-ресурс Әкімшілігіне Келісімде белгіленген тәртіппен Контентке, Интернет-ресурс интерфейсіне, басқа да Пайдаланушылардың әрекеттеріне не Әкімшіліктің әрекеттеріне шағым жіберуге құқылы.
  9. Интернет-ресурсты пайдалану кезінде Пайдаланушылардың дербес деректері Құпиялылық саясатында белгіленген тәртіппен және жағдайларда өңделуі мүмкін.
  10. Әкімшілік Интернет-ресурсты Әкімшілік тарапынан қандай да бір кепілдіктер мен міндеттемелерсіз «қандай болса, сол қалпында» және «қолжетімді болғанындай» жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді. Әкімшілік Пайдаланушыларға түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті орналастыруға тек техникалық жағынан мүмкіндік береді. Пайдаланушы өзі орналастырған түсіндірме (пікір), өзге Контент үшін өз бетінше толық жауапты болады.
  11. Осы Келісім Интернет-ресурста Келісімнің жаңа редакциясын орналастыру арқылы кез келген уақытта өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін (егер Келісімнің жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе). Келісіммен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Интернет-ресурсты пайдалануды тоқтатуға міндетті.

Толық мәтін:

Мазмұны:

  1. Терминдер мен анықтамалар
  2. Келісімнің мәні
  3. Келісім жасасу. Интернет-ресурстың функционалын пайдалану
  4. Интернет-ресурсты пайдалану кезіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері
  5. Пайдаланушылардың пікірлерді, түсіндірмелерді, өзге Контентті Интернет-ресурста орналастыру қағидалары
  6. Пайдаланушының шағым беру тетігі мен ережелері
  7. Интернет-ресурстың ұсынымдық жүйесінде қолданылатын параметрлердің сипаттамасы
  8. Пайдаланушылардың дербес деректері
  9. Кепілдіктердің болмауы, жауапкершілікті шектеу
  10. Қорытынды ережелер

1. Терминдер мен анықтамалар

1.1. Әкімшілік – «Медпортал 103» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

1.2. Интернет-ресурс – домендік атаулардың барлық деңгейлерін, сондай-ақ оның App Store және Google Play-дегі iOS және Android мобильді қосымшасын ескере отырып Әкімшілікке тиесілі 103.kz интернет-сайты.

1.3. Контент – Интернет-ресурста, оның ішінде кескіндер, мәтін, аудиовизуалды және өзге де объектілер түрінде алынатын, өндірілетін, орналастырылатын немесе таратылатын ақпарат.

1.4. Пайдаланушы – Интернет-ресурстың функционалын пайдаланатын және осы Келісімге қосылған жеке тұлға.

1.5. Сервистер – Әкімшілік әзірлеген және оған тиесілі бағдарламалық қамтылым, дереқор, дизайн объектілері және басқа да авторлық құқық объектілері құрамындағы, Интернет-ресурста орналастырылатын және белгілі бір функцияларды орындауға арналған сервистер, сондай-ақ Интернет-ресурстың өзге де функционалы.

1.6. Есептік жазба – Интернет-ресурстың компьютерлік жүйесінде сақталатын Пайдаланушы туралы деректерді тіркеу кезінде көрсетілген, оны сәйкестендіру үшін қажетті жиынтық.

2. Келісімнің мәні

2.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) Әкімшілік пен Пайдаланушы арасында жасалады және Интернет-ресурсты пайдалану шарттарын, оның ішінде Пайдаланушылар пікірлерді (түсіндірмелерді) орналастырған кезде, сондай-ақ Интернет-ресурстың функционалы мен Сервистерін пайдалануға байланысты туындайтын тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

2.2. Әкімшілік Пайдаланушыларға материалдарды (Контентті) іздеу құралдарын, әртүрлі тауарлар, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) және оларды сататын (көрсететін) субъектілер туралы ақпаратты, субъектілерге жазуды жүзеге асыруды, субъектілер туралы түсіндірме беруді (пікір қалдыруды) және т. б. қоса алғанда, Сервистердің кең спектріне қол жеткізуді ұсынады.

3. Келісім жасасу. Интернет-ресурстың функционалын пайдалану

3.1. Осы Келісім қосылу шарты болып табылады, оны жасасу Пайдаланушының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабында көзделген тәртіппен Келісім талаптарын қабылдауы арқылы, яғни қандай да бір шарттарсыз, алып тастаусыз және ескертпелерсіз жалпы осы Келісімге қосылу жолымен жүргізіледі.

3.2. Осы Келісімге қосылу Пайдаланушыны Интернет-ресурста тіркеу/сәйкестендіру процесінде (Пайдаланушының өз деректерін көрсетуі), Пайдаланушы Интернет-ресурста түсіндірме (пікір) орналастырған кезде, Интернет-ресурстың сервистерін пайдаланған кезде не егер ол тіркеусіз жүргізілсе, Интернет-ресурсты нақты пайдаланған кезде жүзеге асырылады.

3.3. Кейбір Сервистерді немесе олардың кейбір жекелеген мүмкіндіктерін пайдалану үшін қосымша Пайдаланушыны авторластыру/сәйкестендіру қажет болуы мүмкін.

Егер Пайдаланушы қосымша авторластыру/сәйкестендіру қажет Интернет-ресурс сервисін (мысалы, «Онлайн-жазу» сервисі) пайдаланғысы келсе, Әкімшілік Келісімді толтыру кезінде көрсетілген Пайдаланушының ұялы телефон нөміріне СМС-хабарламада белсендіру кодын жіберу арқылы Пайдаланушының есептік жазбасын белсендіруді жүзеге асырады.

Әкімшілік Пайдаланушының жеке басын дұрыс сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және Интернет-ресурстың функционалында көзделген жағдайда авторландырудың/сәйкестендірудің өзге де тәсілдерін көздеуге құқылы. Бұл ретте бір ұялы телефон нөмірі және (немесе) өзге де сәйкестендіру деректерінің бір жиынтығы Интернет-ресурста Пайдаланушының бір ғана есептік жазбасын тіркеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

3.4. Сондай-ақ, Пайдаланушыларға Интернет-ресурста сәйкестендіру үшін пайдаланушы профилін пайдалану мүмкіндігі беріледі.

3.5. Кез келген Сервисті пайдалана бастағанда не тіркеу/сәйкестендіру рәсімінен өткеннен кейін Пайдаланушы Келісімнің талаптарын толық көлемде, ешқандай ескертпелер мен түгелдей қабылдаған болып есептеледі. Пайдаланушы Келісімнің қандай да бір ережелерімен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Интернет-ресурстың Сервистерін немесе функционалын пайдалануға құқылы емес.

3.6. Егер Әкімшілік Келісімге Келісімнің 10.1-тармағында көзделген тәртіппен Пайдаланушы келіспейтін қандай да бір өзгерістер енгізсе, ол Интернет-ресурсты пайдалануды тоқтатуға міндетті.

4. Интернет-ресурсты пайдалану кезіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Пайдаланушы:

4.1.1. Сервистерді пайдалану сәтіне дейін осы Келісімде қамтылған талаптармен танысуға;

4.1.2. есептік жазбаны белсендіру және/немесе Интернет-ресурста өзге авторластыру/тіркеу кезінде өзі туралы анық деректерді хабарлауға, олардың құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз етуге;

4.1.3. Пайдаланушының есептік жазбасын немесе тіркеу деректерін пайдалана отырып, Сервистерге рұқсатсыз (Пайдаланушы рұқсат етпеген) қол жеткізудің кез келген жағдайы туралы, сондай-ақ өзінің Сервистерге қол жеткізу құралдарының құпиялылығын кез келген бұзу (бұзушылық туралы күдік) туралы Әкімшілікті дереу хабардар етуге;

4.1.4. Сервистерді пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Келісімді сақтауға;

4.1.5. Интернет-ресурста құқыққа қайшы Контентті, оның ішінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық үстемдікке, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа, суицидке, порнографияға, есірткі, психотропты заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларға, сепаратизм идеясына, алаяқтыққа шақыруды, үгіттеуді немесе оларды насихаттауды, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға ықпал ететін ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелерді, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпаратты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған өзге де ақпаратты орналастырмауға және таратпауға;

4.1.6. хакерлік шабуылдарды, зиянды бағдарламаларды (вирустарды) пайдалануды, Интернет-ресурстың бағдарламалық қамтылымын өзгертуді және т. б. қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Интернет-ресурстың жұмысын бұзуға бағытталған қандай да бір іс-әрекеттер жасамауға;

4.1.7. Интернет-ресурсты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған мақсаттар үшін пайдаланбауға;

4.1.8. осы Келісімде, қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

4.2. Пайдаланушы:

4.2.1. осы Келісімде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шектерде және тәртіппен Интернет-ресурстың функционалдық ерекшеліктерін пайдалануға;

4.2.2. Әкімшілікке заңнамада және осы Келісімде белгіленген тәртіппен ұсыныстармен, шағымдармен және ескертулермен жүгінуге;

4.2.3. Интернет-ресурста түсіндірмелер (пікірлер), өзге Контент орналастырған кезде осы Келісімге және Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтін, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтын нысанда түсіндірме беру объектісіне қатысты өз пікірін еркін білдіруге құқылы.

4.3. Әкімшілік:

4.3.1. Интернет-ресурстың жұмыс істеуіне қатысты қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға;

4.3.2. дербес деректермен жұмыс істеу кезінде Құпиялылық саясатын және оларды қорғауға қойылатын тиісті талаптарды сақтауға;

4.3.3. Пайдаланушылардың белгіленген тәртіппен жіберілген шағымдарын қарауға;

4.3.4. Қазақстан Республикасының аумағында құқыққа қайшы Контенттің таралуына қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға.

4.3.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

4.4. Әкімшілік:

4.4.1. Интернет-ресурс Сервистерін пайдалану кезінде Пайдаланушының толтыруы үшін міндетті жолдарды/бағандарды белгілеуге;

4.4.2. Келісімнің жаңа редакциясын Интернет-ресурста орналастыру арқылы Пайдаланушыларды алдын ала хабардар етпей осы Келісімге өзгерістер енгізуге;

4.4.3. Пайдаланушының Интернет-ресурсты пайдалануына, Әкімшілікті жауапкершілікке тартуға байланысты Әкімшілікке талап-арыздар, талаптар қою кезінде Пайдаланушы туралы ақпаратты пайдалануға;

4.4.4. Пайдаланушыға алдын ала хабарламай кез келген себеппен Сервистердің, олардың кез келген бөліктерінің, Интернет-ресурстың функционалдық мүмкіндіктерінің жұмыс істеуін не оларға қол жеткізуді өзгертуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға, сондай-ақ қандай да бір техникалық қызмет көрсетуді орындау, қателерді түзету және (немесе) қандай да болмасын басқа өзгерістерді енгізу үшін қажет болса, Сервистердің немесе Интернет-ресурстың жұмысын тоқтатуға;

4.4.5. егер аталған ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Келісімнің талаптарын, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзады деп есептесе, Пайдаланушы Интернет-ресурста орналастырған кез келген ақпаратты жоюға, редакциялауға құқылы.

5. Пайдаланушылардың түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті Интернет-ресурста орналастыру қағидалары

5.1. Пайдаланушы Интернет-ресурста орналастыратын түсіндірме (пікір), өзге Контент мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:

5.1.1. түсіндірме беру объектісіне тікелей қатысты болу (ол туралы ақпарат Интернет-ресурста орналастырылатын ұйым немесе жеке тұлға);

5.1.2. Интернет-ресурста орналастырылған мәліметтерді қызықты ақпаратпен толықтыру және өзге Пайдаланушыларға пайдалы болу;

5.1.3. сындарлы, объективті және фактілермен бекітілу, ал қажет болған жағдайда — құзыретті органдардың құжаттарымен расталу;

5.1.4. сыпайы, әдепті және мораль мен әдеп нормаларына сәйкес болу;

5.1.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Келісімді, үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбау;

5.1.6. кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері қалдырған түсіндірмелерді (пікірлерді) қоспағанда, ұйымға (жеке тұлғаға, жеке кәсіпкерге) тікелей жүгінген бірінші адамнан түсіндірме (пікір) қалдырылуы тиіс;

5.2. Шиеленісті жағдайларға жол бермеу, Пайдаланушылардың өзара сыйластық ахуалын қолдау үшін, сондай-ақ Интернет-ресурста түсіндірме (пікірді орналастыру), өзге Контентті орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатында:

5.2.1. үшінші тұлғалардың дербес деректерін (телефондары, мекенжайлары және т. б.) таратуды қоса алғанда, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзуға;

5.2.2. порнографиялық фотосуреттерге, аудио және бейне роликтерге, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы ұқсас өнімдерге сілтемелерді орналастыруға немесе пайдалануға;

5.2.3. дөрекі немесе әдепсіз, балағат сөздерді қолдануға;

5.2.4. үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзуға;

5.2.5. қоқан-лоққы көрсетуге, жала жабуға, қорлауға, азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін немесе ұйымдардың іскерлік беделін даттауға;

5.2.6. «жеке басына тиісуге», яғни ұйымның қызметіне түсіндірме беру (оның қызметі туралы пікірді орналастыру) немесе басқа адамдардың түсіндірмелеріне (пікірлеріне) жауап беру кезінде нақты жеке тұлғаға қорлайтын, кемсітетін сипаттағы талап қою;

5.2.7. басқа Пайдаланушыларды осы Келісімді бұзуға арандатуға, пікірталас жүргізудің әділетсіз тәсілдерін қамтитын хабарламалар орналастыруға;

5.2.8. әлеуметтік, ұлтаралық, діни немесе өзге де алауыздықты қоздыратын түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті орналастыруға;

5.2.9. заңнаманы бұзуға шақыру не қылмыстық әрекеттер жасау жөніндегі ұсынымдарды/нұсқаулықтарды, экстремистік материалдарды орналастыруға;

5.2.10. вирустарға, трояндарға және басқа зиянды бағдарламалық қамтылымға және/немесе оларды пайдалану жөніндегі мәліметтерге және/немесе нұсқаулықтарға сілтемелерді орналастыруға;

5.2.11. қолжетімділігі шектеулі ақпаратты (мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпия) орналастыруға;

5.2.12. Интернет-ресурсты саяси пікірталастар үшін пайдалануға;

5.2.13. азаматтардың басқа аттарын (лақап аттарын), ұйымдардың басқа атауларын пайдалануға;

5.2.14. жарнамалық сипаттағы түсіндірмелерді (пікірлерді) қосуға;

5.2.15. басқа дереккөздерге сілтемелер (өту) қосуға;

5.2.16. қате диагноз, дәрігерлер мен медицина жұмыскерлерінің біліктілігі туралы түсіндірме қосуға;

5.2.17. түсіндірмелерде модератормен дауласуға, модерация саясатын, Әкімшіліктің әрекеттерін талқылауға;

5.2.18. Интернет-ресурсты есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және/немесе аналогтар туралы сату және/немесе олар туралы хабарлау үшін пайдалануға тыйым салынады.

5.3. Түсіндірмелерді (пікірлерді) орналастыру кезінде табанды түрде:

5.3.1. Интернет-ресурстың әртүрлі бөлімдерінде бір сарынды түсіндірмелер (пікірлер) қосу;

5.3.2. мазмұнсыз түсіндірмелер (пікірлер) қосу;

5.3.3. түсіндірмелерде (шолуларда) «азғын», «әбілет» немесе басқа жаргонды қолдану. Сауатты жазуға тырысыңыз;

5.3.4. түсіндірме (пікір) жазу кезінде транслит пайдалану (сөздерді латын әріптерімен жазу);

5.3.5. түсіндірмелерде (пікірлерде) БАС ӘРІПТЕРДІ қолдану ұсынылмайды (әңгімелесушілеріңізді құрметтеңіз, олар Сіз өздеріне айқайлап жатыр екен деп ойлауы мүмкін);

5.4. Әрбір Пайдаланушы осы Келісімде көзделген тәртіппен түсіндірмеге (пікірге), өзге Контентке шағымдануға құқылы. Пайдаланушының түсіндірмесіне (пікіріне) уәжді шағымдар алынған жағдайда Әкімшілік түсіндірмені (пікірді) жоя алады.

5.5. Интернет-ресурстағы түсіндірмелерге (пікірлерге) қойылатын техникалық талап - мәтінді 980 таңбаға дейін шектеу.

5.6. Бір Пайдаланушыдан нақты жағдайға қатысты жалғыз түсіндірме (пікір) жарияланады.

5.7. Пайдаланушы орналастырған түсіндірмелерді (пікірлерді), өзге Контентті модерациялау тәртібі:

5.7.1. Интернет-ресурста постмодерация жүзеге асырылады, яғни түсіндірмелерді (пікірлерді) бақылау оларды Пайдаланушылар орналастырғаннан кейін жүзеге асырылады. Әкімшілік барлық мүдделі тұлғаларға түсіндірмелердің (пікірлердің) көп болуына байланысты түсіндірмені жедел бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғанын хабарлайды. Осыған байланысты Әкімшілік Интернет-ресурста орналастырылған түсіндірмелердің (пікірлердің) дұрыстығы мен заңдылығы үшін ешқандай жауапкершілікте болмайды.

5.7.2. Түсіндірме (пікір) 1 тәулік ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) қаралады. Мән-жайларды қосымша нақтылауды не егжей-тегжейлі зерделеуді қажет ететін жекелеген жағдайларда қарау мерзімі ұлғаюы мүмкін.

5.7.3. Әкімшілік жүргізіліп жатқан түсіндірмелерді (пікірлерді) модерациялау шеңберінде түсіндірмені (пікірді) орналастырған Пайдаланушымен түсіндірмені (пікірді) орналастыру кезінде телефон нөмірі және ол көрсеткен өзге де байланыс деректері арқылы байланысқа шығуы мүмкін. Сондай-ақ, Әкімшілік Құпиялылық саясаты шарттарында Пайдаланушылар Сервисті пайдаланған кезде алған дербес деректерді өзге де өңдеуді жүзеге асырады.

5.7.4. Егер 24 сағат ішінде модератор түсіндірме (пікір) мәліметтерін нақтылау үшін Пайдаланушы түсіндірме (пікір) жіберу нысанында көрсеткен байланыс деректері арқылы Пайдаланушымен байланысқа шыға алмаса, онда Әкімшілік бұл түсіндірмені (пікірді) орналастырмау құқығын өзіне қалдырады.

5.7.5. Модератор өз бетінше, жеке субъективті пікірге сүйене отырып, Пайдаланушы орналастырған түсіндірменің (пікірдің), өзге Контенттің осы Келісімнің талаптарына, әдеп мен моральдың жалпы нормаларына сәйкестігін, түсіндірменің (пікірдің) конструктивтілігі мен дұрыстығы дәрежесін бағалайды. Бұл ретте Модератор түсіндірмеде (пікірде) көрсетілген ақпараттың дұрыстығын бағалауға немесе тексеруге міндетті емес. Түсіндірменің (пікірдің) мазмұны мен дұрыстығына Пайдаланушы жауапты болады.

5.7.6. Егер Пайдаланушы қандай да бір түсіндірмелер (пікірлер) Қазақстан Республикасының заңнамасын, халықаралық нормаларды, осы Келісімді бұзады, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтиды, жеке немесе заңды тұлғаларға залал келтіруі мүмкін деп есептесе, Пайдаланушы осы Келісімнің 6-бөлімінде көрсетілген тәртіппен шағым жіберіп, бұл туралы Әкімшілікке хабарлауға құқылы.

5.7.7. Мынадай жағдайларда түсіндірмені (пікірді), өзге Контентті орналастырудан бас тартылуы, ал орналастырылған түсіндірме (пікір), өзге Контент жойылуы мүмкін:

– түсіндірме (пікір), өзге Контент Қазақстан Республикасы заңнамасының, осы Келісімнің талаптарына сәйкес келмесе;

– түсіндірмеде (пікірде) қамтылған мәліметтер конституциялық сот ісін жүргізу туралы заңнамаға, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, шаруашылық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына, әкімшілік процестің тәртібін айқындайтын заңнамаға, әкімшілік рәсімдер туралы заңнамаға сәйкес қаралуға жататын болса;

– түсіндірме (пікір) ұйымның, жеке кәсіпкердің, жеке тұлғаның қызметіне жатпаса, олар өндіретін (өткізетін) тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің сапасына қатысты болмаса;

– Түсіндірме (пікір), Контент орналастырған Пайдаланушы Әкімшілікке өзінің түсіндірмелерін (пікірін), Контентті жою туралы өтінішпен жүгінсе;

– Түсіндірме (пікір) орналастырған Пайдаланушы 24 сағат ішінде Әкімшіліктің телефон қоңырауларына, хабарламаларына жауап бермесе;

– Пайдаланушы түсіндірмеде (пікірде), өзге Контентте азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне немесе ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін деп танылуы мүмкін мәліметтерді көрсетсе және баяндалған фактілерді құжатпен растай алмаса.

5.8. Интернет-ресурста түсіндірме (пікір), өзге Контентті орналастыра отырып, Пайдаланушы Әкімшілікке оны пайдалану құқығын кез келген нысанда және кез келген тәсілмен, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: көшіру, тарату, көрсету, аудару, қайта жасау (қайта өңдеу), эфирге беру, кабель, сымдар арқылы немесе өзге де осыған ұқсас құралдардың көмегімен өтеусіз береді.

6. Пайдаланушының шағым беру тетігі мен ережелері

6.1. Пайдаланушы Әкімшілікке Контентке, Интернет-ресурс интерфейсіне, басқа да Пайдаланушылардың әрекеттеріне не Әкімшіліктің әрекеттеріне шағым жіберуге құқылы.

6.2. Пайдаланушы шағымды Интернет-ресурстың футерінде (басты беттің төменгі бөлігінде) орналастырылған «Шағым беру» нысанын пайдалану арқылы не Әкімшіліктің help@103.kz электрондық поштасына жөнелту арқылы жіберуі мүмкін.

6.3. Жіберілетін шағымда: Пайдаланушының аты-жөні, оның электрондық пошта мекенжайы, Пайдаланушы шағым беретін ақпаратқа қатысты бетке сілтеме және шағымның мазмұны болуы тиіс.

6.4. Әкімшілік алынған шағымды қарауға және Пайдаланушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы шағымды алған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Пайдаланушыға жауап беруге міндетті.

7. Интернет-ресурстың ұсынымдық жүйесінде қолданылатын параметрлердің сипаттамасы

7.1. Интернет-ресурстың ұсынымдық жүйесі – бұл өзінің интерфейсіндегі Интернет-ресурс Контентінің басымдылығын, сондай-ақ іздеу нәтижелерінің басымдылығын айқындайтын Интернет-ресурстың толық немесе ішінара автоматтандырылған жүйесі.

7.2. Пайдаланушының іздеу сұрауының нәтижелерін беру кезінде Әкімшілік келесі параметрлерді қолданады:

7.2.1. Пайдаланушының іздеу сұрауын талдау:

– сұрауды морфологиялық талдау;

- іздеу сұрауы бойынша нәтижелердің релеванттылығын айқындау.

7.2.2. Іздеу нәтижелерін саралау:

— іздеу сұрауымен дәл сәйкестік;

– беттегі сұрау сөздерінің орналасуы;

— іздеу сұрауымен кіру саны;

– мән басымдығы:

  • желілік мекемелерді іздеу кезінде алдымен желінің негізгі мекемесі көрсетіледі,
  • қолда бар тауар қолда жоқ тауардан жоғары шығарылады,
  • мақалалар орналастыру күнінің кемуі және т. б. бойынша сұрыпталады.

7.3. Компанияларды Интернет-ресурстағы мекемелердің листингіне (медициналық орталықтардың, салондардың каталогына және т.б.) орналастырған кезде компаниялар олардың нақты айдарда көрсетілуіне әсер ететін өздері сатып алған Интернет-ресурстың бағдарламалық қамтылымына қолжетімділік түріне сәйкес орналастырылады. Көрсетілу түрі неғұрлым жоғары болса, компания тиісті айдарда соғұрлым жоғары орналастырылады.

8. Пайдаланушылардың дербес деректері

8.1. Интернет-ресурсты пайдалану кезінде Пайдаланушылардың дербес деректері жиналып, өңделуі мүмкін.

8.2. Өңделетін дербес деректердің тізбесі, оларды өңдеу мерзімі, мақсаттары мен тәртібі, сондай-ақ дербес деректер субъектілерінің құқықтарын іске асыру тәртібі Құпиялылық саясатымен реттеледі.

9. Кепілдіктердің болмауы, жауапкершілікті шектеу

9.1. Пайдаланушы Интернет-ресурсты пайдалану Интернет-ресурсқа қол жеткізуді ұсыну мүмкін болмаған, Интернет-ресурсқа қол жеткізуді ұсынудаңы іркілістер кезінде Әкімшілік тарапынан қандай да бір кепілдіктер мен міндеттемелерсіз «қандай болса сол қалпында» және «қолжетімді болғанындай», сондай-ақ Интернет-ресурс функционалының және оны пайдалана отырып, алынуы мүмкін нәтижелердің Пайдаланушының мақсаттары немесе субъективті болжалдарына сәйкестігі жағдайында берілетіндігімен келіседі.

9.2. Интернет-ресурстағы кез келген ақпаратты Әкімшілік Пайдаланушыға алдын ала хабарламай жоюы және (немесе) өзгертуі мүмкін.

9.3. Әкімшілік үшінші тұлғалардың Интернет-ресурсты пайдалануына байланысты, оның ішінде олар туралы ақпарат Интернет-ресурста орналастырылатын субъектілердің кез келген әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі үшін жауапты болмайды.

9.4. Әкімшілік кез келген уақытта Пайдаланушыларға қандай да болмасын алдын ала хабарлама жібермей, қандай да бір жекелеген Сервистердің немесе Интернет-ресурстың жұмысын өз қалауы бойынша тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.

9.5. Интернет-ресурста басқа сайттарға (үшінші тұлғалардың сайттарына) сілтемелер орналастырылуы мүмкін. Әкімшілік Пайдаланушы сервистерді пайдалана отырып қол жеткізе алатын үшінші тұлғалардың осындай сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар

үшін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен Пайдаланушының оларды пайдалануының салдары үшін жауапты болмайды.

9.6. Әкімшілік, егер мұндай әрекеттер үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтырса, Пайдаланушылардың Сервистерді пайдалануға байланысты әрекеттері үшін жауапты болмайды.

9.7. Кейбір Сервистерде Пайдаланушылардың ақпаратты, соның ішінде құпия ақпаратты Сервистің тиісті бөлімдеріне енгізу және жіберу мүмкіндігі көзделген. Пайдаланушылар осы ақпараттың мазмұны мен дәлдігі үшін толық жауапкершілікте болады, сондай-ақ үшінші тұлғалардан олардың дербес деректерін Сервисте орналастыру үшін барлық қажетті рұқсаттарды алуға міндеттенеді.

9.8. Әкімшілік Пайдаланушыларға түсіндірмелер (пікірлер), өзге Контентті орналастыру үшін тек техникалық мүмкіндік (Интернет-ресурстың функционалына қол жеткізу) береді. Интернет-ресурста орналастырылған түсіндірме (пікір) Пайдаланушының жеке пікірін көрсетеді және Әкімшіліктің пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Пайдаланушы өзі орналастырған түсіндірме (пікір), өзге Контент үшін өз бетінше толық жауапты болады.

9.9. Әкімшілік дауларға қатыспайды, Пайдаланушылар орналастырған түсіндірмелерге (пікірлерге), өзге Контентке баға бермейді және хабарламаның заңнамаға және осы Келісімге сәйкестігін бағалаудың біржақты мүмкіндігі болмаған жағдайда түсіндірмелерді (пікірлерді) жоймау құқығын өзіне қалдырады.

9.10. Әкімшіліктің Пайдаланушы туралы ақпаратты пайдалануға, Әкімшілікке осы Пайдаланушы орналастырған түсіндірмеге (пікірге), Контентке байланысты шағымдар, талап-арыздар қойылған жағдайда Пайдаланушыларды сотта ортақ жауапкерлер, куәгерлер, үшінші тұлғалар ретінде тартуға құқығы бар. Түсіндірме (пікір), Контент орналастырған Пайдаланушы қажет болған жағдайда түсіндірмедегі (пікірдегі), өзге Контенттегі ақпараттың заңдылығы, негізділігі туралы дәлелдемелерді ұсынуға дайын болуға тиіс.

9.11. Әкімшілік Пайдаланушының алдында провайдердің, өзге тұлғалардың немесе қызметтердің жұмысындағы кідірістерге, Интернет-ресурсқа қол жеткізуге байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін шығындар үшін жауапты болмайды және оларды Пайдаланушыға өтемейді.

10. Қорытынды ережелер

10.1. Келісім қажет болған жағдайда Интернет-ресурс жұмыс істеген кез келген уақытта өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Аталған жағдайда Интернет-ресурста Келісімнің жаңа редакциясы орналастырылады (егер Келісімнің жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе). Осы Келісімнің өзгерістерімен және/немесе толықтыруларымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Интернет-ресурсты және оның функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануды тоқтатуға міндетті.

10.2. Тараптар осы Келісімнің жекелеген ережелерімен келіспейтіндігі туралы жазбаша хабарламалардың болмауы Пайдаланушының Келісімнің жаңа редакциясына келісуі және қосылуы деп танылатынына келіседі.

10.3. Егер Келісімнің қандай да бір ережесі жарамсыз немесе орындалмайтын болып табылса, өзге талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген толық көлемде жарамды және орындалатын болып қалады.

10.4. Осы Келісіммен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Әкімшіліктің жергілі

Продолжая пользоваться ресурсом, вы соглашаетесь с условиями Политики обработки персональных данных.
Этот сайт использует cookies
Понятно